«-35 градусқа дейін аяз»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық өңірінде қар жауады.
Қазгидромет 9, 10, 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Еліміздің азаматтары нағыз қыстың лебін сезінеді. 9 желтоқсанда солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге солтүстік антициклон келеді.
Республиканың солтүстік бөлігінде, кейін барлық өңірлерде жауын-шашын тоқтап, күн күрт суытады.
Түнгі уақытта термометр бағаны солтүстік өңірлерде 22-30 градусқа дейін, шығыста 27-35 градусқа дейін, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста 10-20 градус аязға дейін төмендейді.