Қоғам
«Жарылғыш зат қойылған»: Алматыда Mega сауда орталығына келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:00
- 15
Алматыдағы ірі сауда ортылығында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.
Алматыда Розыбакиев көшесінде орналасқан Mega Alma-Ata сауда орталығына келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Белгісіз біреу сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар таратқан.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ақпарат түскен бойда барлық жедел қызметтер мен арнайы бөлімшелер жұмылдырылған.
Қазіргі кезде хабарлама берген адам іздестіріліп жатыр. Оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
Ведомство тұрғындарды тыныштық сақтауға, құқық қорғау қызметкерлерінің талаптарын орындауға және қауіпсіздік қызметтерінің нұсқауларын мүлтіксіз орындауға шақырды.


