Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев бірқатар елшілерді жаңа қызметке тағайындады

Тоқаев бірқатар елшілерді жаңа қызметке тағайындады
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Қазақстанның үш елдегі жаңа елшілері тағайындалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Чехия, Нидерланд және Люксембургтегі елшілерін тағайындайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
  • Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Сондай-ақ мемлекет басшысының жарлығымен Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар