Қоғам
Алматыда ер адам пәтердегі сейфті ұрлап, троллейбусқа мініп қашпақ болған
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2025
- 329
Алматыда ұрлық жасамақ болған ер адам ұсталып қалды.
Алматыда полицейлер пәтердегі сейфті ұрлап, троллейбусқа мініп қашпақ болған ер адамды ұстады, KYN.KZ ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл адам Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген арнайы операция барысында ұсталды. Қылмысты жасаған соң ол ұрланған мүліктің бір бөлігін, шағын сейфті, қала троллейбусымен алып кетпек болған.
"Қазір күдіктінің басқа ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде. Біз мүліктік қылмыстарды ашу бойынша күнделікті жұмыс істейміз және қала тұрғындарының мүлкін қорғауға ерекше көңіл бөлеміз", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция басқарма бастығы Асхат Даулетияров.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық жағдайын анықтау үшін тергеу және жедел шаралар жалғасуда.
Келесі мақала
Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
"Бірден полицияға жүгіну керек": депутат сталкинг белгілерін атады
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 маусым, 2026
Қоғам
Ақтауда 8 жасар бала коррекциялық орталықтың терезесінен құлап кетті
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 маусым, 2026




