Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды
Жапонияда 7,6 магнитудалы жер сілкінісі болды.
Жапонияның солтүстігінде магнитудасы 7,6 болатын күшті жер сілкінісі болды. Әлеуметтік желілерде видеолар тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жапонияның Бас метеорологиялық басқармасының хабарлауынша, 7,6 магнитудалы жер сілкінісі Аомори префектурасы маңында болды. Ошағы шамамен 50 шақырым тереңдікте орналасқан. Қатты дүмпулер эпицентрден алыс аймақтарда да сезілді — жер сілкінісін Токио тұрғындары да байқалған.
Жер сілкінісінен кейін елдің солтүстік-шығыс жағалауында биіктігі үш метрге дейін жететін цунами қаупі жарияланды. Ескерту Хоккайдо мен Хонсю аралының солтүстік-шығыс бөліктеріне қатысты. Тіркелген ең жоғары толқын биіктігі — 70 сантиметр.
Al Jazeera мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан 20-дан астам адам зардап шеккен.
DailyMail бақылау камераларынан алынған видеоларды жариялады — кадрларда дүмпулерден көшелер мен ғимараттардың тербелгені көрінеді. Төмен жатқан аймақтарда тұрғындарға биік жерлерге көтерілу ескертілсе, жағалау маңындағыларға теңізден және өзен сағаларынан аулақ болу ұсынылуда — су деңгейі күтілгеннен жоғары көтерілуі мүмкін.
Тағы бір видеода Жапонияның солтүстігіндегі кеңселерде жиһаз бен техниканың қатты шайқалғаны байқалады.
Пайдаланушылар супермаркеттердегі видеоларды да бөлісіп жатыр: дүмпу кезінде адамдар асығыс қауіпсіз орын іздеп, аяқтарында әрең тұрып жатыр.
Бір жергілікті тұрғын жер сілкінісі кезінде аквариумдағы судың да қатты шайқала бастағанын түсіріп алған.