Басты жаңалықтар

Бестеректегі жол апаты: алты баланы қағып кеткен жүргізуші сол кезде ес-түссіз қалғанын айтты

Абай облысында алты баланы қағып кеткен көлік жүргізушісі сотқа келді.

Абай облысында төрт баланың өмірін қиған жол апатына кінәлі азамат сот алдында жауап бере бастады. 55 жастағы жүргізуші көлік тізгінінде талмасы ұстап қалғанын айтып ақталды. Сол себепті алты баланы жаншып өткенін білмеген де. Есін тек полиция бөлімшесінде бірақ жиыпты. Мұны естіген марқұм бүлдіршіннің ата-анасы денсаулығы дімкәс адамға көлік басқару куәлігін бергендерді де жазалауды талап етуде, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 19-тамыз күні Бестерек ауылында болған. «Тойота» көлігін тізгіндеген 55 жастағы жүргізуші аулада жүрген алты баланы жапырып өтті. Оқиға орынында екі бала тілге келместен көз жұмды. Ал, тағы біреуі жедел жәдел жәрдем көлігінде жан тапсырса, 9 жастағы қыз Семейдегі ауруханада көз жұмды. Екі отбасының баласы ауылға қыдырып барған екен. Енді баласын жоғалтқандар әділ жаза беруін талап етіп отыр.

«Бір емес, мұнда алты баланың өміріне қауіп төндірді. Бұл кісі алты баланы қалай көрмеген?! Өзінің ауруы бола тұра, қалай рульге отырады? Бұндай жағдайға — қатаң жаза!»

Жәрбірленуші тарап бейкүнә періштелердің жоқ екеніне әлі сенбейді. Әсіресе үш қызынан бір мезетте айырлған ана делсал күйде. Бауыр еті баласынан айырылған әке де талмасы бар адамға жүргізуші куәлігін кімнің, қалай бергеніне аң-таң.

«2013 жылы эпилепция дертімен ауырғаны белгілі болса да, 2020 жылы көлік жүргізуші куәлігін алғанда тиісті мекемелер, яғни медициналық мекемелер анықтама берген, денсаулығында еш ақау жоқ деп.Соған байланысты бұл кісі көлік жүргізуді әрі қарай жалғастырған. Нәтижесінде, мінекей, төрт баланың өмірін қиды. Енді күтетініміз — әділ сот», - дейді жәбірленуші Ернар Бұланбаев.

Күдікті кезінде 20 жылдай автобус басқарған көрінеді. Ал жақындары талмасы бар азаматқа ешкім көлік басқаруға шектеу қоймағанын айтады. Сондай-ақ балаларды басып кеткен кезде аяқ-қолының икемге келмей қалғаны бірінші рет болғанын жеткізді. Ал күдікті оқиға кезінде өзі ес-түссіз қалғанын айтты. Тіпті балаларды жаншып өткенін де білмей қалған. Ол Бестерек ауылынан аудан орталығына бара жатқан. Енді кінәсі дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Үржар ауданында болған көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қаралуда. Жәбірленушілер материал және моральдық залалды өндіріп алу туралы азамат талабын қойды. Ал оған сот үкім шығарған кезде рұқсат етіледі. Сотталушы айыбын толық мойындап отыр.

Жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан үш қыз бен бір ұлдың жасы 2-9 жас аралығында. Ал ауыр жарақат алған екі баланың беті бері қараған. Дегенмен ұл бала әлі де сауықтыру орталығында емделіп жатыр.