«Кеудесі мен бетіне 22 рет пышақ сұққан»: Павлодарда кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 желтоқсан, 2025
- 210
Бас прокуратураның қызметкерлері павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Биыл 21 ақпан күні жәбірленуші жұмысқа кетіп, кейін байланысқа шығуын тоқтатқан, осыған байланысты ол хабар-ошарсыз жоғалған деп танылған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сол күні кәсіпкердің Павлодарда күдіктімен оның тұрғын үйінің ауласында кездескені анықталды.
Қаржылық келіспеушіліктерге байланысты олардың арасында жанжал туындап, қаскүнем жәбірленушінің кеудесі мен бетіне 22 рет пышақ сұққан. Жәбірленуші сол жерде алған жарақаттарынан көз жұмған.
«Қылмыстың ізін жасыру мақсатында күдікті марқұмның денесін және оның автокөлігін гаражына жасырып, кейін Қазақстаннан шығып, шетелге қашып кеткен.
Осы жылдың наурыз айында ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Оған айып тағылған қылмыс бойынша 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Қар, боран, үскірік аяз: 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы айтылды
- авторkyn.kz
- 24 қаңтар, 2026
Мас күйде көлік жүргізген судья Әсел Досаева қызметінен босатылды
- авторkyn.kz
- 24 қаңтар, 2026




