Германияда өлтірілген судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланды
Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі іздестіріліп жатыр.
Ішкі істер министрлігі Германияда өлтірілген қазақстандық судьяның енесі мен жолдасына іздеу жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Еске салсақ, Айгүл Сайлыбаеваның денесі 2024 жылдың 16 маусым күні Германияның Бенсхайм қаласының маңынан табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген.