Шымкентте жаңа жылдық безендәріуге 99 миллион теңге қаржы бөлінбек
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге 100 миллионға жуық қаржы бөлінетіні айтылды.
Шымкент қаласының әкімі биыл жаңа жылдық безендіруге 99 миллион теңге бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Брифингте ол биыл табиғи шырша орнатуды жоспарлап отырғанын айтты. Шығынды үнемдеу үшін өткен жылдан қалған материалдар декорацияға пайдаланылады екен.
Ғабит Сыздықбеков 2025 жылы қалада жаңа жылдық мерекені атап өтуде, барлық бағыттар бойынша үнемдейтінін алға тартты.
2024 жылы безендіруге 80 миллион теңге бөлінген болатын. Ал Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев биыл жаңа жылдық шығындарға тек 11 миллион теңге бөлінетінін жеткізді.