Алматыда прйызда 52 адам газдан уланды: екі бала жансақтау бөлімінде жатыр
Пойызда 52 адам газдан уланды.
Алматы-2 теміржол вокзалына келген пойызда 52 адам газдан уланып қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша төтенше жағдай киностудия ұйымдастырған түсірілім кезінде орын алған.
Бұл туралы Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
"Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Барлығы 52 адам зардап шекті, оның ішінде балалар бар. Барлық зардап шеккен адам тексеріс жүргізу және медициналық көмек көрсету үшін қала стационарларының қабылдау бөлімдеріне жеткізілді", - деді ведомство өкілі.
Тексеріс нәтижелері бойынша 10 бала ауруханаға жатқызылған, оның екеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары бейінді бөлімшелерде жатыр.