Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын алу бойынша тағы бір тыйым салынды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:22
- 50
"Отбасы банк" 12 желтоқсаннан бастап пластикалық операцияларға біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша өтінімдерді қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды
Қыркүйек айында стомотология бойынша өтініш тоқтатылғаннан бастап, отадан кейінгі тыртықты түзету және туа біткен ақауды коррекциялау үшін сұраныс артқан. Қазір пластикалық операцияларға БЖЗҚ қаражатын пайдалану бойынша 6 294 өтініш қаралып жатыр.
"Бұрын банкке пластикалық оталарға БЖЗҚ қаражатын пайдалану туралы азаматтардан орта есеппен 16 өтініш түсетін. Алайда қыркүйекте стоматология бойынша өтініш қабылдау тоқтаған кезде олардың саны 123-ке дейін өсті, қазанда 1 844-ке, ал қарашада 3 878 өтінішке жетті", - деп жазылған хабарламада.
8 желтоқсанда офтальмологияға өтініш қабылдау тоқтағаннан кейін пластикалық оталарға БЖЗҚ қаражатын пайдалану бойынша 2 093 өтініш түскен. Бұл бұрынғы айлық орташа көрсеткіштен 130 есе көп. Желтоқсандағы өтініштердің жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге жеткен.
Бірқатар бағыт тоқтатылғанына қарамастан, азаматтар БЖЗҚ-дағы артық қаражатты маңызды және қымбат ем түрлеріне пайдалана алады: сирек (орфан) ауруларды емдеу; радионуклид және радиойод терапиясы; радиохирургиялық емдеу; протон терапия.
Бұдан бөлек, тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана алады: тұрғын үй сатып алу, ипотеканы толық немесе жартылай өтеу, сондай-ақ, Отбасы банктегі депозитті толықтырып, кейін баспана алу мүмкіндігі бар.




