«Ол кісі жіберген қателіктерін мойындады»: Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанға қатысты айтты
Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанованың өзіне хабарласып, қателіктерін мойындағанын айтты.
Актер Қайрат Әділгерейдің әйелі Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанмен ара-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«KEZDESU» бағдарламасында Бақыт Тұрман киноға айтқан сыни пікіріне қатысты даудың басын ашты.
«Мен пікір айтқаннан халық фильмге бармаай қойған жоқ. Барды ғой, бәрі өзі біледі. Оны көреалмаушылықтан, қызғаныш деп жатыр. Олай емес. Мен тек пікірімді жинадым. Бірдеңе бүлдіріп қойған жоқпын ғой. Ұятсыз, жұрт қарғайтындай жағдай емес. Тек кино туралы жеке пікірімді айттым. Сын айтылғаннан бір күннен кейін ол кісі Мөлдір ханым маған өзі дайрекке жазған болатын. Ол кісі толықтай өзі жіберген қателіктерін мойындап, түсіністік білдірді», — деді Бақыт Тұрман.
Сондай-ақ, өнер иесі әрбір айтқан сөзіне өзі жауап бере алатынын айтты.
«Мен айтқан сөзіме өзім жауап беремін. Ешкім мен үшін ақталып, жауап бермей-ақ қойсын», — деді ол.