Басты жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы әлем чемпионы атанды

Сабыржан Аққалықов финалда жеңіліп, күміс жүлдегер атанды.

Қазақстандық боксшылар Сәкен Бибосынов, Оразбек Асылқұлов және Абылайхан Жүсіпов Дубайдағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Бибосынов (54 кг) финалда ресейлік Вячеслав Рогозинді жеңді. Асылқұлов (57 кг) тәжікстандық Хусравхон Рахимофтан басым түсті. Ал Жүсіпов (71 кг) Ресей өкілі Сергей Колденковтан айласын асырды.

Сабыржан Аққалықов (75 кг) финалда ресейлік Исмаил Мутсолговқа есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Осылайша финалға шыққан қазақстандық 4 боксшының үшеуі алтын медаль алды.

Еске сала кетейік, бейсенбі күні Ертуған Зейнуллинов (63.5 кг) пен Теміртас Жүсіпов (48 кг) қола жүлдегер атанған болатын.