“235 920 теңге”: Тәуелсіздік күніне орай кейбір қазақстандықтарға біржолғы төлем беріледі
17–18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан, саяси қуғын-сүргін құрбандары болып табылатын азаматтарға біржолғы көмек беріледі.
Тәуелсіздік күніне орай Астанада кейбір азаматтарға біржолғы ақшалай әлеуметтік төлем қарастырылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Біржолғы әлеуметтік төлем 1986 жылғы 17–18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан, саяси қуғын-сүргін құрбандары болып табылатын азаматтарға көрсетіледі. көлемі 60 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды. Биыл бұл сома – 235 920 теңге.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне (16 желтоқсан) орай, “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” ҚР Заңына сәйкес ақталған, 1986 жылғы 17–18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына 60 АЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көзделген», - деп мәлімдеді Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.