Басты жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады.

17 желтоқсан еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады және 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Синоптиктер дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпрата агенттігі.  

Ақтөбе облысы мен Атырау облысында тұман түседі.

Алматы, Қонаев, Тараз қалаларында, Алматы және Маңғыстау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Семей, Көкшетау, Орал, Өскемен қалаларында, Абай , Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында қар жауып, бұрқасындатады, қатты жел соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр.