"Жол апатынан 2 адам қаза тапты": Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты тергеу ісі сотқа жолданады
Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты жол апаты ісіне ішкі істер вице-министрі пікір білдірді.
Мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты жол апаты бойынша іс жақында сотқа жолданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Жол-көлік оқиғасына қатысты іс аяқталуға жақын. Осы аптада сот-медициналық сараптаманың қорытындысын аламыз деп күтіп отырмыз, содан кейін күдікті тұлғаның әрекеттеріне баға беріп, прокуратура арқылы сотқа жібереміз", - деді ішкі істер вице-министрі.