Жаңа жылда отшашу атқан қазақстандықтарға салынатын айппұлдың мөлшері белгілі болды
Отшашу атқан қазақстандықтарға айппұл салынады.
Жаңа жылда отшашу атқан қазақстандықтарға салынатын айыппұлдың мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Елімізде отшашуға тыйым салынбағанымен, қауіпсіздік техникасын бұзғандарға айыппұл салынады. Отшашуларды тек арнайы белгіленген орындарда ғана атуға рұқсат етіледі.
Егер бұл ереже сақталмаса, әкімшілік кодекстің 436-бабына сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады, бұл 2025 жылы 78 640 теңгені құрайды.
Отшашуларды 16 жасқа толмаған балалардың қолдануына тыйым салынады. Мұндай құқықбұзушылық үшін ата-аналары 78 640 теңге көлемінде айыппұл арқалайды. 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) өседі, соған сәйкес отшашуды рұқсат етілмеген жерде атқандарға салынатын айыппұл да 86 500 теңгеге дейін өседі.