Қоғам

Қала тұрғындарының орташа жалақысы 539 мың теңге - Алматы әкімі

Алматы әкімі қала тұрғындарының орташа жалақысы 539 теңгеге жеткенін мәлімдеді.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалада орташа айлық жалақы 539 000 теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, Алматы биыл жоғары іскерлік белсенділік пен оң инвестициялық серпінді сақтап қалмақ.

"2025 жылы Алматыда 92 мың жұмыс орны құрылды, оның 87 пайызы тұрақты.

Қаладағы алғашқы тоғыз айда орташа айлық жалақы 539 мың теңгеге жетті, номиналды көрсеткіш бойынша 14,5 пайызға өсіп, республикалық орташа көрсеткіштен 29 пайызға асып түсті", - дейді Дархан Сатыбалды.