«Ақшаны шұғыл аударуға көндіреді»: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
ІІМ алаяқтар мереке қарсаңында белсенді түрде әрекет ететінін мәлімдеді.
ІІМ мерекеде кезінде жалған ашықхаттар мен "тиімді" жеңілдіктерге сенбеуді ескертеді, KYN.KZ ақпрарат агенттігі тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, мереке қарсаңында алаяқтар белсенді түрде әрекет етеді. Олар қауіпті файлдар тіркелген “жаңажылдық құттықтауларды” таратып, сондай-ақ бағасы әдейі төмендетілген сыйлықтар мен тауарлар туралы жалған хабарландырулар жариялайды. Ақша аударылғаннан кейін байланысты тоқтатады.
"Алаяқтар анимациясы немесе музыкасы бар жарқын құттықтау жіберіп, файл арқылы парольдерге, банк карталарына және қосымшаларға қол жеткізеді. Сондай-ақ нарықтағы бағадан едәуір төмен бағада тауар немесе сыйлық ұсынады. Ақшаны шұғыл түрде аударуға көндіреді. Төлем жасалған соң хабарландыруды өшіріп, жауап бермейді", - делінген хабарламада.
Алаяқтар жиі жалған аккаунттар мен қолдан жасалған пікірлерді пайдаланып, өзін сенімді сатушы ретінде көрсетеді.
«Сондықтан бейтаныс сатушыларға алдын ала ақша аудармауды пікірлер мен аккаунтттың тарихын мұқият тексеруді ескертемі. Бейтаныс адамдардан келген файлдар мен сілтемелерді ашпай, арк кеңейтімі бар файлдары бірден өшіргеніңіз абзал. Қауіпсіздік бәрінен маңызды. Өзіңізді және қаражатыңызды қорғаңыз», - деп ескертті ІІМ өкілдері.