Жаңа жылда «Құпия Санта» ойынын ойнауға бола ма? - ҚМДБ пікір білдірді
ҚМДБ Жаңа жыл діни мереке еместігін айтты.
Мұсылмандар діни басқармасы Жаңа жыл мерекелері қарсаңында көпшілік ойнайтын «құпия Аяз ата» ойынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі CMN.KZ сайтына сілтеме жасап.
«Құпия Аяз ата» біздің дінімізде де, ұлттық дәстүрімізде де жоқ. Сондықтан бөтен мәдени ұғымдарды қабылдап, таңудан гөрі, адам жүрегін жақындастыратын ұлттық салт-дәстүрлерге және исламның асыл құндылықтарына негізделген құндылықтарды дәріптеу әлдеқайда орынды», – деп атап өтті басқарма.
Сондай-ақ ҚМДБ Жаңа жылдың діни мереке еместігін еске салды. Алайда оны тек жылдың басталуы ретінде қабылдап, бұл уақытты игі істерге арнап, адамдарға ізгі тілектер мен дұға бағыштаумен өткізсе, мұнда айыпты нәрсе жоқ екенін айтты.
«Ал егер мерекелеу ішімдік ішу, ер мен әйелдің еркін араласуы және шариғатта тыйым салынған басқа да әрекеттермен қатар жүрсе, онда бұл рұқсат етілмейді», – деп ескертті ҚМДБ.