Астанада бірнеше жасөспірім 16 жастағы қызды зорлап, өлтірген
Астанада жасөспірімдер қатыгездікпен өздері қатарлас қызды зорлаған.
Астанада жасөспірімдер 16 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткен. Бұл туралы Сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, аталған қылмыстық іс бойынша екі адам қамауға алынған.
Қылмыстық істерді тергеу барысында мәліметтер сирек жарияланады. Құқық қорғау органдары әдетте ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сілтеме жасап, сотқа дейінгі тергеу деректерін жариялауға болмайтынын ескертеді.
Айта кетсек, бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанада жасөспірім қыздың зорланып, өлтірілгені туралы хабарлаған болатын. Оның айтуынша, 18 қарашада 16 жастағы жасөспірімдер тобы ішімдік ішіп, кейін өздері қатарлас қызды қатыгездікпен зорлап, өлтірген.