Қоғам

Қазақстанда Roblox платформасы бұғатталмайды

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Roblox платформасы бұғатталмайтынын мәлімдеді.

Қазақстанда Roblox онлайн ойын платформасы бұғатталмайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді.

“Roblox бойынша біз App Store немесе Google Play-ге ешқандай өтініш білдірген жоқпыз. Қазір біз Roblox-қа кіруге шектеу қою немесе бұғаттау мәселесін қарастырып отырған жоқпыз. Тіпті алдағы уақытта онлайн платформаларға тіркелуді 16 жасқа дейінгі қолданушыларға шектеу енгізу мәселесі туындаса, ол Roblox-қа ешқандай әсер етпейді. Заңнамаға сәйкес, Roblox онлайн платформа болып саналмайды. Яғни, бұл нормалар қабылданған күннің өзінде де Roblox-қа әсер етпейді”, – деді вице-министр.