Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен шығарып тастады
Жәнібек Әлімханұлын The Ring журналы рейтингтен шығарып тастады.
The Ring журналы IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен шығарып тастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 KO) допинг дауына байланысты ның рейтингінен толық алынып тасталды. Бұған дейін отандасымыз аталған рейтингте бірінші орында тұрған.
"Бұрын рейтингтің көшін бастап тұрған Жәнібек Әлімханұлы осы айдың басында алынған VADA допинг-тестінің оң нәтижесінен кейін тізімнен алынды", – деп жазады The Ring.
Айта кетсек, VADA жүргізген допинг-сынамада Жәнібек Әлімханұлынан мельдоний анықталған. Спортшы 6 желтоқсанда жоспар бойынша WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуы тиіс болған.
Жәнібек Әлімханұлының B допинг-сынамасы 2026 жылдың 8 қаңтарында ашылады.