Алматыда түнде жер сілкінісі болды
Алматыда жер сілкінісі сезілді.
22 желтоқсанда түнде Алматыда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жер дүмпуі Астана уақытымен сағат 02:16-да Қытай аумағының Шыңжаң өлкесі Ақсу аумағы Ақши ауданында болған. Магнитудасы – 5 балл. Оның әсері Алматы қаласында қуаты 2 балл болатын жер сілкінісі сезілді.
Жерасты дүмпуіне ең жақын орналасқан ірі қалалар:
- Ақсу қаласы (Қытай) – шамамен 100-110 шақырым;
- Қаракөл қаласы (Қырғызстан) – шамамен 130 шақырым;
- Алматы қаласы (Қазақстан) – солтүстік батыста шамамен 270 шақырым.