Мәдениет

"Жаныңыз жәннаттық болсын": Мақпал Жүнісова Асанәлі Әшімов туралы жазбасымен бөлісті

Мақпал Жүнісова марқұм Асанәлі Әшімов утралы жазба қалдырды.

Танымал әнші Мақпал Жүнісова 88 жасында өмірден озған Асанәлі Әшімов туралы жазба қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ  ақпарат агенттігі.

Instagram желісіндегі парақшасында Мақпал Жүнісова Асанәлі Әшімовпен сахнада тұрып билеп жатқан сәттері бейнеленген видеоны жариялады.

"Осы кеште Асанәлі ағамыздай тау тұлғамен билеп, гүл шоқтарын алғаныма қатты қуанып қайтып едім... Артыңызда қалған жарыңыз Бағдат жеңгеміз бен ұрпағыңыз мың жасасын, жаныңыз жәннаттық болсын", – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Айта кетсек, актер Асанәлі Әшімов 88 жасқа қараған жасында қайтыс болды.