Қоғам

«Пәтерлерді 250 миллионға сатып жатыр»: желіде Астанадағы элиталы үйлердің сырты үгітіліп жатқаны туралы видео тарады (ВИДЕО)

«Орда Инвест» компаниясы салған элиталы үйлердің сырты үгітіліп, құлап жатыр.

Threads әлеуметтік желісінде Астанадағы «Еуропа сити» тұрғын үй кешенінің сыртқы қабаты қирағаны туралы видео жарияланды. Жергілікті тұрғын фасад элементтері ара-тұра құлап, қауіп төндіріп тұрғанын айтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Еуропа сити» ТК (құрылысшысы – «Орда Инвест») тұрғыны үйдің сырт қабаты құлап кетеді деп шағымданады, олар балаларын серуендеуге шығара алмай қорқып отыр. Астаналықтарды тағы бір өлімге әкеп соғатын оқиғадан қорғап, тәртіп орната алатын қандай орган бар?» – делінген бейнежазба сипаттамасында.

Бұл жазба әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, көпшілік тұрғын үй компаниясын сынады.

«Сұмдық-ай, пәтерлерді 250 миллионға сатып жатыр ғой», «Бұл қаланың ең қымбат ТК-лерінің бірі» деп жазды олар.