Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсен Алагөзов өз қызметкерлерінің ата-анасына ай сайын зейнетақы төлемек (ВИДЕО)
Тұрсынғали Алагөзов қызметкерлерінің 65 жастан асқан ата-анасына 50 мың теңге зейнетақы төленетінін айтты.
Танымал продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсынғали Алагөзов қол астындағы қызметкерлерінің ата-аналарына ай сайын 50 мың теңгеден беріп тұратынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Желі қолданушылары кәсіпкердің бұл әрекетін бағалап, оған іхгі ьілектер тіледі. Тіпті оны кейбіреулері «Алтын адам» атады.
Олар “Қызметкерінің ата-анасын ойлайтын Қазақстандағы жалғыз бастық”, “Алтын адам”, “Жарайсыз! Сіздің жомарттығыңыз үшін Алла осылай дәулет беріп отыр”, “Керемет! Алла разы болсын!”, “Осындай азаматтар жасасын, өзге басшыларға үлгі болсын” деп жазған.