Саясат
Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 желтоқсан, 2025
- 349
ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тиісті қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланған.
Қазіргі таңда "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің сегіз мүшесі бар, оның төртеуі – тәуелсіз директор.
"Бұл корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне сай келеді және стратегиялық шешімдерді тиімді қабылдауды қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Ерболат Досаев 19 қыркүйекте Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Саясат
Мәжілістің төртінші сессиясының қорытынды жалпы отырысы өтті
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 маусым, 2026




