Саясат

Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тиісті қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланған.

Қазіргі таңда "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің сегіз мүшесі бар, оның төртеуі – тәуелсіз директор.

"Бұл корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне сай келеді және стратегиялық шешімдерді тиімді қабылдауды қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Ерболат Досаев 19 қыркүйекте Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған еді.