2026 жылы елімізде зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер 10%-ға өседі
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда 2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға өсетінін айтты
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда 2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға өсетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысында вице-премьер 2026 жылға арналған бюджетте зейнетақы мен жәрдемақыны 10 пайызға арттыру көзделгенін мәлімдеді.
" Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер 10%-ға өседі. 2025 жылы өсім 8,5% болған. 2026 жылғы бюджеттің тек зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерге арналған бөлігі 636 млрд теңгені құрайды. Жақында Ұлттық банкпен бірлесіп бағдарлама әзірленді. Онда тек зейнетақы мен төлемдер ғана емес, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ қайта даярлау бағдарламалары арқылы жұмыспен қамтуды арттыру көзделген", - деді министр.
"Биыл біз алғаш рет ЖІӨ бойынша 300 млрд АҚШ долларынан асамыз деп үміттенемін. Мүмкін, халықтың бір адамға шаққандағы табысы 15 мың доллар шегіне жетеді. Бұл оң көрсеткіштер", - дейді министр.