Қоғам

Атырауда ер адам бұрынғы әйелінен балаларын тығып, алып кеткен

Ер адам әйелімен ажырасқаннан кейін балаларын жасырын түрде алып кеткен.

Атырауда ер адам сот шешіміне қарамастан балаларын бұрынғы әйелінен жасырып, оларды қайтармай келген,  деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әлия Мақсұтованың айтуынша, ерлі-зайыптылар 2023 жылы ажырасқан және сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балалар анасымен бірге тұруы тиіс болған. Алайда балалардың әкесі олармен кездесу уақытын пайдаланып, өзімен бірге алып кеткен. Сөйтіп байланысқа шықпай қойған. Жәбірленуші тараптың мәліметінше, ол бұрынғы күйеуінің балаларды заңсыз иемденуіне қатысты полицияға 10 рет шағымданған.

Іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері ер адамның жасырынған жерін анықтады. Ол бастапқыда ұлын анасына қайтарған. Алайда қызын жасыруды жалғастырған. Кейіннен бала әкесінің ата-анасының үйінен табылды. Анасына аман-есен тапсырылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, оның іс-әрекетіне құқықтық баға беру мақсатында тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.