Рустам Баялиев Президент Әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі қызметінен кетті
Рустам Баялиев Президент Әкімшілігіндегі қызметінен босатылды.
Рустам Баялиев Президент Әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.