"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы: 129 мыңға жуық тұрғын жинақталған қаражатқа өтінім берген
129 мыңға жуық тұрғын ұлттық қордан жинақталған қаражатты тұрғын-үй жағдайын жақсартуға жұмсау мақсатында өтінім берген.
Биыл 1 желтоқсанға дейінгі жағдай бойынша Қазақстанда 7 млн-ға жуық баланың әрқайсына "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында шамамен 130 доллар есептелді. Бір жыл ішінде 129 мыңға жуық тұрғын жинақталған қаражатты тұрғын-үй жағдайын жақсартуға жұмсау мақсатында өтінім берген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Хабар" арнасына сілтеме жасап.
Ауқымды жоба 2024 жылғы 1 қаңтардан басталған болатын. Бағдарлама Ұлттық қордағы жыл сайынғы инвестициялық кірістің 50 пайызын бала 18 жасқа толғанға дейін оның жинақтаушы шотына аударып отыруды көздейді. Жинақ қаражатын мерзімінен бұрын шешіп алуға болмайды. Бала кәмелетке толған кезде жинақталған ақшаны тұрғын-үй жағдайын жақсарту және оқу ақысын төлеуге пайдалана алады.