Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Дәрігер бірден 20 тіске ем жасаған»: Алматыда жеке стоматологияда бес жасар бала көз жұмды

«Дәрігер бірден 20 тіске ем жасаған»: Алматыда жеке стоматологияда бес жасар бала көз жұмды
Сурет: 7vibe.kz
Жеке стомотология клиникасында бес жасар бала көз жұмды.

Алматыдағы жеке стоматологияда жоспарлы ем қабылдаған бес жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы марқұм баланың ата-анасы мәлімдеді. Айтуынша, оқиғаға дәрігерлердің салғырттығы себеп болған. Бір қабылдауда дәрігер бірден 20 тісті 5 жарым сағаттан астам севоран наркозымен емдеген.

«Жұбайым екеуімізге бара беріңіздер, ұзақ уақытқа созылады деп айтты. Сыртқа шығып кеттік. Операция 5 жарым сағаттай болды. Түскі сағат 13:00-ден кейін алып шықты. Бала 15 минуттан соң есін жиды. Мен 860 мың теңге төлемақы жасадым. Сосын қандай дәрі алу керегін жазып берді. «Егер дәрі табылмаса маған хабарласыңыздар, алмастыратын басқа дәрі жазып беремін» деді. Далада жарты сағаттай жүрдік. Бала әлі толық оянбаған еді. Дәріні дәріханалардан таба алмадым. Сосын қайта стоматологияға бардым. Олар дәрігер әлі бос емес, кейін келіңіз деп айтты. Кешке бала оянды ма деп сұрады. Кешкі сағат 17:00-де бала оянбаған еді. Түнгі сағат 23:00-де баламның судорогасы ұстады. Әйелім анестезиологқа хабарласты. Ол “солай болуы керек, қорқып қалған шығар” деді. Сосын қызым есінен танып қалды. Дереу ауруханаға апардық. Әйелім стоматологқа, анестезиологқа хабарласып дәрі тізімін сұрады. Олар бір-біріне лақтырып, ұзақ күттіріп жіберді. Түнде сағат 1:00-де бала көз жұмды», – дейді марқұмның әкесі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астана қаласында осыған ұқсас жағдайда 3 жасар бүлдіршін стоматологияда көз жұмғаны туралы жазған едік.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар