Қоғам

«31° аязға дейін аяз»: 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің бірақ өңірінде қар жауып, көктайғақ болады.

 

«Қазгидромет» РМК 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Астана, Ақмола, Қостанай, СҚО, Павлодар, Қарағанды, Ұлтыауда қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде және күндіз 18-30° аяз, кей аймақтарда 31° аязға дейін төмендейді. Астанада түнде қар жауып, күндіз -18…-20°. Қостанай мен Петропавлда қатты аяз сақталады.

ШҚО, Абай облысында қар, боран және көктайғақ күтіледі, кей жерлерде қатты қар жауады. Ауа температурасы түнде 6-21° аяз, күндіз -4° аяздан +1° жылуға дейін. Өскемен мен Семейде боран соғып, жолда көріну нашарлайды.

БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе негізінен қар жауып, кей жерлерде тұман мен көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 9-25° аяз, күндіз 2-16° аяз. Оралда қар, Ақтөбеде қатты аяз, Атырау мен Ақтауда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Алматы, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Жамбылда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, таулы және тау бөктерінде қатты жауын-шашын, көктайғақ пен тұман байқалады. Ауа температурасы түнде -6…+3°, күндіз -4° аяздан +8° жылуға дейін. Алматы, Шымкент пен Түркістанда күн жайлы, бірақ жолдар тайғақ болады.