Күніне 10 энергетик ішкен: Алматыда дәрігерлер 34 жастағы ер адамның жүрегін ауыстырды
Алматы дәрігерлері 34 жастағы қала тұрғынының жүрегін ауыстырды.
Алматы қалалық кардиохирургия орталығында алғаш рет адамның жүрегі ауыстырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматы дәрігерлері 34 жастағы қала тұрғынының жүрегін ауыстырды. Оның айтуынша, ауру оның энергетик іше бастағаннан пайда болған.
«Ауруымның бәрі энергетиктерден басталды. Басында күніне 1-2 дана ішіп жүрдім, кейін олардың әртүрінен күніне 10 бөтелке іштім. Менің қателігімді қайталамаңыздар. Менің өміріме араша түскен дәрігерлерге айтар алғысым шексіз», - дейді науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, науқас донор кезегінде тұрған. Операция бес сағатқа созылған.
«Науқасқа «терминалды созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған». Ол жүрек трансплантациясының кезегінде тұрған еді. Жүрек трансплантациясының операциясы бес сағаттан астам уақытқа созылды және сәтті аяқталды. Трансплантацияны Алматы қалалық кардиологиялық орталығының мультидисциплинарлық командасы University Medical Center (Астана) бірлесе отырып, ҚКО директоры Ермағамбет Қуатбаев пен UMC КФ басқарма төрағасы, профессор Юрий Владимирович Пя басшылығымен орындады. UMC командасы әріптестерін қолдау үшін Алматыға жедел келді», - деп хабарлайды ДСМ-ның баспасөз қызметі.