Түркістан облысында екі жасөспірім отшашудан жарақат алды
Томирис Тоныкөк
Пиротехникалық заттарды қолданған екі жасөспірім жарақат алып, ауруханаға түсті.
Түркістан облысы, Сарығаш ауданында пиротехникалық заттарды қолданған екі жасөспірім, жарақат алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, балалар дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.
“Нәтижесінде балалар әртүрлі дәрежеде жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір олардың өміріне қауіп жоқ. Екі жасөспірімге қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Жасөспірімдер ересектердің қолдауынсыз жеке үйдің ауласында тыйым салынған пиротехникалық затты қолданған кезде болған.
“Пиротехникалық заттан зардап шеккен балалардың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ. Оқиға жеке үйдің ауласында тыйым салынған пиротехникалық затты қолдану кезінде болды. Балалар ауруханаға жатқызылды. Оларға қажет көмек көрсетіліп жатыр. Бұл оқиға кәмелет жасына толмаған балалардың бос уақытын қатаң қадағалау керек екенін көрсетеді”, – делінген хабарламада.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударуды сұрады.