Экономика

Астанада банк қызметкері клиенттердің шотынан 34 млн теңге шешіп алған

Залалдың жалпы сомасы 34 миллион теңгеден асты.

 Астанада полицейлер елорда тұрғынының шотынан ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікпен банктердің бірінің 49 жастағы қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу мәліметі бойынша әйел жәбірленушімен ортақ танысы арқылы танысқан. Ер адам шетелге кеткен кезде делдал әйел одан қарызға ақша сұрап, қаражатты шешіп алуға рұқсат беретін бейнежазба түсіруге көндірген. Сол күні кешке оның шотынан 18 миллион теңгеге жуық қаржы шешіп алынған.

"Кешке оның шотынан 18 миллион теңгеге жуық ақша шешілген. Кейінірек күдікті өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, жәбірленушінің әйелінің шотынан тағы 17 миллион теңге алған. Залалдың жалпы сомасы 34 миллион теңгеден асты", - дейді полиция.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарды қаржылық операцияларға рұқсаттарды беру кезінде өте сақ болуға және ақшаны алуға немесе аударуға байланысты кез келген сұрауларды мұқият тексеруді ескертті.