Қоғам

20 миллион теңге: Шымкентте полиция бастығы парамен ұсталғаны туралы ақпарат шықты

Шымкентте полиция бастығы парамен ұсталды деген ақпарат тарады.

Шымкент қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция жүйесіндегі жоғары лауазымды қызметкер ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы журналист Михаил Козачков мәлім етті. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының бастығы 20 миллион теңге көлемінде пара алу үстінде қолға түскен. 

Арнайы операцияны ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері жүргізген. 

Ресми деректерге сәйкес, аталған лауазымды қазіргі уақытта полиция полковнигі Батыр Мырзагелдиев атқарып отыр. Құқық қорғау органдары әзірге істің өзге мән-жайларына қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.