Бишімбаев балаларына алимент аз төлеу үшін мүлкін үлкен ұлының атына жаздырған
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі оның активтерін үлкен ұлының атына жаздырып жібергенін айтты.
Экс-министр Қуандық Бишімбаев активтерін үлкен ұлының атына жазып жіберген. Бұл туралы бұрынғы әйелі Назым Қахарман айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Жоғарғы сот Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы шағымды қараудан бас тартқаннан кейін, 24 жылға сотталған бұрынғы күйеуінен талап арыз түскен.
«Өз активтерін жасыру үшін ол сотқа дейін активтерін үлкен ұлының атына жазып жіберді. Әрине, баласына қамқор болсын, бірақ кәмелетке толмаған балаларына алимент төлемеу үшін байлығын кәмелетке толған баласының атына рәсімдегені дұрыс емес деп ойлаймын», - дейді Назым Қахарман.
Айтуынша, сот, Назым Қахарманның пайдасына шешім шығарған. Алимент мөлшерін азайтуға арналған талап арыз қанағаттандырылмады, ал Куандық Бишімбаев алименттік келісімге сәйкес төлемді жалғастырады.