Қоғам

Түркістан облысында келіні енесінің алтын бұйымдары мен ақшасын ұрлап келген

Түркістан облысында енесінің ақшасын келіні ұрлап, оны құмар ойындарға жұмсаға

Түркістан облысында келіні енесінің алтын бұйымдарын және ақшасын ұрлаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Келіні ұрланған ақшаны құмар ойындарға жұмсаған. Белгілі болғандай, ол мамыр айынан бастап үйден алтын әшекейлер мен қолма-қол ақшаны ұрлап келген. 

Полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел өзінің үйінен алтын бұйымдар мен ақша ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінген. 

Мәліметтерге сенсек, тәжірибелі қызметкерлерден арнайы тергеу-оперативтік топ құрылып, барлық қажетті іс-шаралар жедел түрде жүргізілген.

"Жалпы материалдық шығын 8,5 миллион теңге болған. Ұрланған алтын бұйымдарды күдікті ломбардқа өткізген, ал түскен ақшаны құмар ойындарға жұмсаған. Қазір алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.