Қоғам

Тоқаев «ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу» туралы заңды мақұлдады

Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қол қойды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, биыл 12 қарашада Парламент Мәжілісі ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң қабылданды. Сенаттың қарауына жолданып, кейін Мәжіліс қабылдаған заңды мақұлдады.