2025 жылдың соңғы күні 31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің басым бөлігінде күн суытып, тұман түседі.
Синоптиктер 31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жасады. Қазақстанның басым бөлігінде күн бұзылады. Тұрғындарға ескерту жасалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман.
Жезқазған қ.: 31 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.
Қарағанды қ.: 31 желтоқсанда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қ: 31 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Ақтау қ.: 31 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Орал қ: 31 желтоқсанда қар, бұрқасын күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Тараз қ.: 31 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қостанай облысында оңтүстігінде, шығысында, батысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман.
Қостанай қ.: 31 желтоқсанда тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысыңда, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Павлодар қ.: 31 желтоқсанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ: 31 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 31 желтоқсанда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Шымкент қ.: 31 желтоқсанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 31 желтоқсанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 31 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Петропавл қ.: 31 желтоқсанда түнде аздаған қар, күндіз қар күтіледі. Жаяу бұрқасын.
Ақмола облысының оңтүстігінде қар, күндіз қар, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Көкшетау қ.: 31 желтоқсанда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ.
Астанада түнде қар, күндіз жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.