Қоғам

Астанада аялдаманы бүлдірген адам жаңа жылды қамауда қарсы алады

Астанада ер адам автобус аялдамасының әйнегін бүлдірді.

Астанада автобус аялдамасын бүлдірген адам ұсталды, деп хабарлайды  KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Кенесары көшесінде кешкі уақытта белгісіз ер адам автобус аялдамасының әйнегін сындырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Полиция мәліметінше, 33 жастағы тұрғын масаң күйде аялдама павильонының "беріктігін сынап көрмек" болған.

"Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 20 тәулікке қамау жазасы тағайындалды", - деді ІІМ өкілі.