Қоғам

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлемді сұхбаты шықты

Президент Тоқаев сұхбатында құн салығы туралы айтт.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбат берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы салық реформасының негізгі мақсатын атады. 

"Алдымызда тұрған басты міндет – экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету. Үкіметке ашық әрі ұғынықты Салық кодексін әзірлеу тапсырылды. Министрлер кабинетінің бұл тапсырманы қаншалықты табысты орындап шыққанын биыл көретін боламыз", - дейді Президент.

Тоқаев бұрынғы Үкімет қосымша құн салығын, тіпті, 20 пайызға дейін көтеруді ұсынғанын айтты.

"Салық төлесеңіз – қызмет көрсетіледі, инфрақұрылым салынады, қауіпсіз орта қалыптасады, тың мүмкіндіктер пайда болады. Керек десеңіз, бұл – әділдік болу үшін жүктемені қайта бөлу құралы, әлеуметтік тұрғыдан әлсіздерді қолдау және экономикалық тұрғыдан "белсенді ортаны" одан әрі дамыту тәсілі", деді ол.