Басты жаңалықтар

Қазақстанда көмірдің бағасы жазда да шарықтап тұр

Қарағандыда бір тонна қатты отын құны 14 мыңға дейін барады.

Өткен қыста отыннан әбден тарыққан тұрғындар биыл ерте қамданған. Әйтпесе, қыста тағы қымбаттайды деп қорқады. Қазір де арзан емес. Сапалы көмір 14 мың теңгеге дейін саудалануда.  Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Алмас Сүлейменов  отын бағасын былай түсіндіріп айтты: "14 мың теңгенің көмірі жуылған, тазаланған "орешек" деп аталатын көмір. Тазалбаған жай көмір - 12 мың. Одан да арзандары бар. 8300 теңгеге бар". ЗКТ: Былтырғы дүрбелеңнен сабақ алған өңір басшылығы биыл қамданысқа ерте кіріскен. Алайда, халық бейқам. Көмір сататын орындарға келетіндердің қатары аз. Көбіне зейнеткерлер. "Былтырғы жағдай қайталанбас үшін Шұбаркөл разъезінде көмір жеткілікті. Басқа облыстармен бірігіп кестесін жасадық. Әріптестеріме өтініш, сол кесте бойынша қазірден бастап көмірлерді шығара берген дұрыс", - дейді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов. Тұрғындар жылдағыдай күзге дейін отынға ақша жинап жүргенде, жергілікті билік ашық-шашық жатқан көмірді ерте тасып алмаса, жел мен жаңбырға сапасы кетеді дейді.