Қоғам

Осы жылы қазақстандық зейнеткерлер үкіметтен 4 трлн 890 млрд теңге ақша алады

Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдеріне бюджеттен 6 трлн 783 млрд теңге ақша бөлінді.

2026 жылы қазақстандықтарға кепілді зейнетақысы мен жәрдемақыларын төлеу үшін үкімет бюджеттен 6 трлн 783 млрд теңге ақша бөлінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты мәлім етті.

Бұл ақшаның 4 трлн 890 млрд теңгесі – зейнетақыға, ал, 1 трлн 893 млрд теңгесі әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге жұмсалады.

Қалған ақша мүгедектігі бар азаматтардың протезі мен оңалту шараларына бағытталуы тиіс.