Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ұлттық қор - балаларға": 2025 жылғы төлемдер қашан түсетіні белгілі болды

"Ұлттық қор - балаларға": 2025 жылғы төлемдер қашан түсетіні белгілі болды
Сурет: gov.kz
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша қаражат 1 ақпаннан кешіктірілмейді.

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша 2025 жылға арналған қаражат қашан түсетіні туралы белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мәліметінше, заңнамаға сәйкес биыл 1 ақпанынан кешіктірілмей қаражат аударылады.

"2008 жылы туған азаматтардың шоттарына мақсатты жинақтарды аудару 2026 жылғы 1 ақпанынан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Олар 18 жасқа толғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл қаражатты мақсатты түрде пайдалана алады", - делінген хабарламада.

Қор мәліметінше, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балық бала (2025 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына енгізілген және оның қатысушылары болып саналады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар