Түркістан облысында әкесін ұрып өлтірген 41 жастағы ер адамға қатысты сот басталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 қаңтар, 2026
- 54
Түркістан облысында әкесін ұрып өлтірген ер адамға қатысты сот басталды. 41 жастағы Алмас Садақбаевқа қатысты іс «дәрменсіз адамды қинау» және «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» баптарымен айыпталып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Шардара ауданына қарасты Қоссейіт ауылының тұрғынының өз ауласында әкесін сабап жатқан видеосы тамыз айында тараған. Әкесін балағаттап, дәрменсіз қарияны сүйреп жүріп ұрғанын көршісі түсіріп алған. Осыдан кейін қарияның көз жұмғаны белгілі болды. Оның ұлы Алмас Садақбаев Мәдениет үйінде жұмыс істеп, тіпті мешітте азаншы болған екен. Көп ұзамай ол әйелімен бірге қамауға алынды. Бірақ кінәсі дәлелденбеген келін көп ұзамай бостандыққа шықты. Ал, 41 жастағы баласы енді қос баппен жауапкершілікке тартылуда.
«Эксгумация кезінде мұрын, дене жарақаттары, атап айтқанда, қабырғалары, мұрны сынғаны анықталған. Сараптамаға сәйкес, өлім себебі нақты анықталмады. Себебі өліктің шіріп кетуіне, яғни мерзімі өткеніне байланысты», - дейді прокурор Нұрмахан Елшібаев.




