Спорт

Боксшы Бекзад Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды

Мансабын аяқтаған боксшы балалар мен жасөспірімдер мектебінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Белгілі боксшы Бекзад Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді.

"Нұрдәулетов Бекзад Жалғасбайұлы Маңғыстау облысы бокс бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің басшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бекзад Нұрдәулетов 1998 жылғы 10 сәуірде Түркіменстан Республикасының Балқан облысында дүниеге келген.

"Маңғыстау бокс клубы" ЖШС-ға бокстан нұсқаушы-спортшы ретінде қабылданған.

2015-2019 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясын "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2019-2021 жылдары осы академияда магистр дәрежесін иеленген.

Бокстан жоғары жетістіктері:

  • 2019 жылғы Әлем чемпионы;
  • 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы;
  • 2024 жылғы Азия чемпионы;
  • 2025 жылғы Әлем кубогінің иегері.

Сондай-ақ ол "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" және "Құрмет" орденінің иегері.